№177 мектеп-гимназиясында 10 "Б" сыныбында «Көмек» бағдарламасы
№177 мектеп-гимназиясында 10 "Б" сыныбында «Көмек» бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жер сілкінісі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Олар төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігін, алғашқы көмек көрсету жолдарын және қауіпсіз жерлерге көшу тәртібін үйренді. Сондай-ақ, жер сілкінісі кезінде қолдануға болатын қауіпсіздік ережелерімен танысты. Сынып жетекшісі: Бейсембекова Ш.Н.