Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы
“Чтение-вот лучшее учение” атты тақырыпта 06-10.04. 2026ж. аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігінің апталығы басталды. Мақсаты: Оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды оқу арқылы олардың ой-өрісін, тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, оқушыларды кітап оқуға баулу, әдеби кейіпкерлер арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.