Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№177 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Асыл мұра» жазғы лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
12
маусым
2026
№177 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Асыл мұра» жазғы лагерінің
12 маусым 2026 жыл №177 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Асыл мұра» жазғы лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жаз бойы балалар қызықты демалыс өткізіп, жаңа достар тауып, танымдық және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысты. Лагерь әрбір қатысушыға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естеліктер сыйлады. «Асыл мұра» лагерінің барлық қатысушыларына сәттілік, жарқын жазғы демалыс және жаңа жетістіктер тілейміз! #АсылМұра2026 #177МектепГимназия #ЖазғыЛагерь #БалаларДемалысы
«Асыл мұра» лагерінде «Әке – асқар тауым» жазбаша ашық хаттар челленджі
11
маусым
2026
«Асыл мұра» лагерінде «Әке – асқар тауым» жазбаша ашық хаттар
№177 мектеп-гимназия жанындағы «Асыл мұра» лагері «Әке – асқар тауым» жазбаша ашық хаттар челленджі Әке – отбасының тірегі, асқар тауы. Осы челлендж арқылы балалар өз әкелеріне деген құрметі мен алғысын жүрекжарды сөздер арқылы жеткізеді. Мақсаты: Әкеге деген құрмет пен ризашылықты арттыру; Отбасылық құндылықтарды насихаттау; Алғыс айтудың жаңа дәстүрін қалыптастыру; Әке мен бала арасындағы байланысты нығайту. Әкеңізге жылы сөз айтып, алғысыңызды білдіруге асығыңыз! #ӘкеАсқарТауым
«Асыл мұра» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымды іс-шара өтті.
11
маусым
2026
«Асыл мұра» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымды іс-шара
11 маусым 2026 жыл №177 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Асыл мұра» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымды іс-шара өтті. Кітапханашы бүлдіршіндерді ертегілер әлеміне саяхатқа жетелеп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған әсерлі кездесу ұйымдастырды. Балалар сүйікті кейіпкерлерімен танысып, ертегілер туралы ой бөлісіп, қызықты тапсырмалар орындады. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, ертегілер арқылы адамгершілік құндылықтарды
«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІН ТЫҢДАЙМЫЗ»
03
маусым
2026
«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІН ТЫҢДАЙМЫЗ»
Ертегі – халық даналығының асыл қазынасы. Бүгін оқушыларымыз әжелеріміздің өнегелі әңгімелері мен қызықты ертегілерін тыңдап, рухани әсер алды. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауыз әдебиеті мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Өткізген: Қасымқұлова Минура Әбдіжаппаровна, кітапханашы №177 мектеп-гимназия «Ертегі тыңдаған бала – ізгілікке жақын болады!» #ӘжемніңЕртегісінТыңдаймыз #ЕртегіӘлемі #Кітапхана #КітапОқу
Біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті!
03
маусым
2026
Біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті!
03.06.2026ж. күні біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті! Бастауыш сыныптың кішкентай батырлары мен арулары гаджеттерді ұмытып, ұлттық ойындардың қызығына батты. Оқушыларымыз «Арқан тартыста» бірлігін көрсетсе, «Асық атуда» мергендіктерін байқатты. Ал «Орамал тастамақ» пен «Ақсерек-көксерек» ойындарындағы балалардың күлкісі лагерьді жаңғыртты! Балалық шақтың ең тәтті сәттері осындай белсенді әрі пайдалы ойындармен есте қалары сөзсіз. Видеоны көріп, кішкентай чемпиондарымызға
«Жақсылық жасап жарысайық» тренингі
02
маусым
2026
«Жақсылық жасап жарысайық» тренингі
«Жақсылық жасап жарысайық» тренингі 📍177 мектеп-гимназиясы «Асыл мұра» жазғы лагері 👥 Тренинг жүргізушілері: Ахметжанова Г., Кеңесбек Г. 🎯 Мақсаты: Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, сыйластық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және күнделікті өмірде жақсылық жасауға ынталандыру. Тренинг барысында оқушылар «Жылы лебіз» шеңберіне қатысып, жақсылықтың мәні туралы ой бөлісті. Топтық жұмыстар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы өзгелерге көмек көрсету, қолдау
«Асыл мұра» жазғы сауықтыру лагері – балалық шақтың бақытты мекені!
01
маусым
2026
«Асыл мұра» жазғы сауықтыру лагері – балалық шақтың бақытты мекені!
«Асыл мұра» жазғы сауықтыру лагері – балалық шақтың бақытты мекені! 🌈 2026 жылдың 1–12 маусымы аралығында №177 мектеп-гимназиясында оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында «Асыл мұра» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады! 🎉 Балаларды күтеді: 🎨 шығармашылық шеберлік сағаттары ⚽ спорттық ойындар мен жарыстар 🧩 квесттер мен зияткерлік сайыстар 🎭 көңілді мәдени-көпшілік іс-шаралар 📚 танымдық және дамытушы тапсырмалар 🌟 көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлер!
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
01
маусым
2026
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Қымбатты балалар! Сіздерді жарқын мереке –1 маусым Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалық шақ – адам өміріндегі ең бақытты, ең алаңсыз әрі ең қызықты кезең. Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа, қуаныш пен шаттыққа бөленіп, армандарына сеніммен қадам басуға лайық. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс, биік армандар мен жарқын жетістіктер тілейміз! Әр күніңіз күлкіге, қуанышқа және жақсы
Өзін-өзі басқару ұйымы қайырымдылық мақсатында КИНО КЕШ ұйымдастырды
22
мамыр
2026
Өзін-өзі басқару ұйымы қайырымдылық мақсатында КИНО КЕШ ұйымдастырды
№177 мектеп-гимназиясының тәлімгері Пердебай Қаршыға және Өзін-өзі басқару ұйымы қайырымдылық мақсатында КИНО КЕШ ұйымдастырды. КИНО КЕШТЕН түскен қаражаттың барлығы Амина апа жетекшілік ететін “ПЕРЗЕНТ” балалар үйіне жұмсалып, балаларға ойыншықтар сыйға тартылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мейірім мен қуанышқа толы әсерлі сәттер сыйлады. Бұл игі шара – жас ұрпақты қамқорлыққа, жанашырлыққа және қайырымдылыққа баулитын жарқын бастамалардың бірі. Балалардың
"Жұлдыздар шеруі-2026" 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктер шеруі
20
мамыр
2026
"Жұлдыздар шеруі-2026" 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктер шеруі
20.05.2026ж.күні мектеп- гимназиямызда " Жұлдыздар шеруі- 2026" іс- шарасы болып өтті. 2025-2026 оқу жылында дарындылығымен мектебіміздің дамуына үлес қосып, нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау рәсімі болды. Осындай балаларды тәрбиелеп , қоғамымыздың өркендеуіне үлес қосып келе жатқан шәкірттерді құттықтап,  мектеп- гимназия директоры Танатов Тұрсын Танатұлы оқушылардың ата- аналарына алғыс білдірді. Оқу- тәрбие саласындағы әрбір жетістіктер аталып , " Әрбір бала жұлдыз болуға лайықты"
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 34 Вперед