Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 27.11.2025
"Жас келсе, іске" атты қалалық жас мамандар слеты
27
қараша
2025
"Жас келсе, іске" атты қалалық жас мамандар слеты
26.11.2025ж. күні қалалық  «Жас келсе, іске» атты  VI  жас педагогтердің слетына математика пәнінің мұғалімі Адилбеков Алмаз « Жаңашыл мектепке –жаңашыл ұстаз » атты байқаудың жеңімпазы ретінде қатысты және ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұржанқызы Балбыраш  «Өз жұлдызыңды жақ,  жас маман» атты байқаудың қатысушысы ретінде қатысып қайтты. 
«Таза Қазақстан – Таза бейсенбі»
27
қараша
2025
«Таза Қазақстан – Таза бейсенбі»
«Таза Қазақстан – Таза бейсенбі» аясында 11 «В» сыныбы бүгін үлгілі бастама көрсетіп, кең көлемді тазалық жұмыстарын жүргізіп өтті. Оқушылар мектеп ауласын қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды жинастырып, гүлдер мен ағаштардың айналасын ретке келтірді. Сондай-ақ сынып ішінің тазалығына ерекше көңіл бөлді. Бұл іс-шара арқылы балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, қоғамға пайдалы болудың нақты үлгісін көрсетті. 🌿✨ Сынып жетекшісі: Якияева А.А.
Желідегі қауіпсіздік — өзіңнен басталады!
27
қараша
2025
Желідегі қауіпсіздік — өзіңнен басталады!
Бүгінгі цифрлық дәуірде интернет бізге мүмкіндік те, қауіп те әкеледі. Сондықтан желіде отырып, қарапайым ережелерді есте сақта: ✔ Күрделі құпия сөз қолдан – әріп, сан, белгілерден тұратын. ✔ Бейтаныс адамдарға жеке мәлімет жіберме. ✔ Күдікті сілтемелерге баспа. ✔ Қоғамдық Wi-Fi-да банк, құжат, пароль сияқты ақпаратпен кірме. ✔ Бейтаныс файлдарды ашпа — вирус болуы мүмкін. ✔ Онлайндағы қорлауға (кибербуллинг) жолама. ✔ Кез келген күмәнді жағдайды ата-ана немесе мұғалімге айт. Интернет —
“Smart Bala-2025” жобасы
27
қараша
2025
“Smart Bala-2025” жобасы
27.11.2025 ж күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы №102 мектепте өткізілген “Smart Bala-2025” жобасы аясында білім алушылардың қоршаған кеңістікті жақсарту жөніндегі идеялары бойынша форсайт-сессияның аудандық кезеңінде 9-сынып оқушыларынан құралған “ЭкоЖИ” командасы 1-орын иеленді.Құттықтаймыз.
"Екінші өмір" сәндік қолданбалы өнер байқауы
27
қараша
2025
"Екінші өмір" сәндік қолданбалы өнер байқауы
Жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында өткен аудандық  "Екінші өмір" атты сәндік қолданбалы өнер байқауының жеңімпаздары 9-сынып оқушысы ІІІ орын Даулеткелды Құралай, жетекшісі Акылбекова Шолпан, 5-сынып оқушысы Бақытжан Набира ІІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Сағат Толғанай. 
«Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары
27
қараша
2025
«Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары
6 «А» сыныбында «Таза бейсенбі» күніне орай тазалық жұмыстары өтті. 🌿✨ Балалар сынып аумағын жинастырып, тазалықты сақтаудың маңызын тағы бір түсінді. Осындай іс-шаралар арқылы оқушыларымыз жауапкершілікке, табиғатты аялауға тәрбиеленеді.
Дебат. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы.
27
қараша
2025
Дебат. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы.
21 қараша күні Тарих апталығы аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын атап өту мақсатында мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында АПФ форматында көрсетілім дебат ойыны ұйымдастырылды. Дебат тақырыбы ретінде қазіргі таңда өзекті болып саналатын «Ұлы Отан соғысы деген ұғымды II Дүниежүзілік соғыс деген атпен алмастыру дұрыс па?» деген қарар таңдалды. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өз дәлелдерін жан-жақты талдап, тарихи деректер мен қазіргі көзқарастарды салыстыра отырып пікір
3–4 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
27
қараша
2025
3–4 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
27.11.2025ж. күні 3–4 сынып ұлдарына арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ер балаға тән қасиеттер – батылдық, жауапкершілік, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты маңызды құндылықтар туралы түсіндірілді. Балалардың тұлғалық дамуына бағытталған мұндай әңгімелер олардың мінез-құлқын нығайтып, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Жиналыс сонында оқушыларға анимационды видео көрсетілді.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан
27
қараша
2025
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты халықаралық науқан аясында №177 мектеп-гимназиясында тәрбиелік маңызы бар жұмыс жүргізілді. Оның мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқығын құрметтеу, өзара сыйластық пен мейірімділікті нығайту болды. Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның адамға және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы ақпарат беріліп, өз қауіпсіздігін қорғау жолдары түсіндірілді. Балалар бір-бірін қолдаудың, әділдік пен адамгершіліктің өмірдегі
Қауіпсіздік сабағы
27
қараша
2025
Қауіпсіздік сабағы
6 «В» сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайдағы әрекет ету жолдары және жеке жауапкершілік туралы маңызды мәліметтер берілді.