«Лудоманияның алдын алу» тақырыбында профилактикалық видеотүсірілім
Мектеп оқушылары арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және саналы таңдау жасауға бағыттау мақсатында «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында профилактикалық видеотүсірілім ұйымдастырылды.Аталған бейнероликте құмар ойындардың зияны, оның оқушының оқу үлгеріміне, психологиялық жағдайына және әлеуметтік ортасына тигізетін кері әсері көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларды пайдалы әдеттерге, білім алуға, спорт пен шығармашылыққа бағыттау мәселелері қамтылды.