2024-2025 оқу жылының мектеп формасының үлгісі » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының мектеп формасының үлгісі
30
шілде
2024

2024-2025 оқу жылының мектеп формасының үлгісі

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес және шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалып, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, көк галстук.Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
Қыздардың мектеп формасына: пиджак, жилет, ақ жейде, көк галстук, қара немесе көк туфли, тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс) немесе классикалық үлгіде шалбар. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: