Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық директорларға арналған семинар
18
қараша
2024

Қалалық директорларға арналған семинар

16.11.2024ж.күні мектеп- гимназияда " Мектептің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, кәсіби және басқарушылық шеберлікті шыңдау шаралары " атты тақырыпта 1 және 3 жыл  аралығындағы жас директорларға арналған қалалық семинар болып өтті. Семинар спикерлері мектеп- гимназия директоры Танатов Тұрсын Танатұлы " Мектептің даму жоспары-болашақтың тетігі "  атты тақырыпта мақсат- міндеттері жайлы, құрылымы жайында ақпарат берсе, директордың оқу - ісі  жөніндегі орынбасары Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы
 " Педагогтердің кәсіби өсуі- болашақ дарындының негізі " атты тақырыпта педагогтер мен оқушылар арасында нәтижеге жету қалай жүзеге асырылып  жатқандығы жөнінде ақпаратпен таныстырды, математика пәнінің мұғалімі  Адилбеков Алмаз Муратбекович  " Замануи мұғалім үлгісі" дегенде заман талабына сай білім беру жайлы мәліметтер айтты, физика пәнінің мұғалімі Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы" Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында , тарих пәнінің мұғалімі Ақылбеков Рамазан Дуйсенбайұлы" Визуалды Тарих әлемі" атты тақырыптарда сөз сөйледі. Келген қонақтар семинар барысында өздерінің тамаша ұсыныстары мен ізгі ниеттерін білдірді, семинар өте жоғары деңгейде болды деп өз бағаларын берді

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: