Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке өзгеріс енгізу тобының жұмыс жоспары бойынша мектепішілік семинар
19
желтоқсан
2024

Мектепке өзгеріс енгізу тобының жұмыс жоспары бойынша мектепішілік семинар

19.12.2024 күні  'Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау'  тақырыбында   мектепішілік семинар өтті. 

Семинарға ұлағатты ұстаздарымызбен қатар жас мамандарымыз да қатысты. 

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын  ескере отырып  «Оқытушылар қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады», – деп атап көрсетті. Əр оқытушы күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл əдіс-тəсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология. Спикерлер өздерінің қолданыста жүрген  жаңашыл, ақпараттық технологияларымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, практикалық жұмыстар жасалып, топтық  тапсырмалар орындалды.Семинар соңында Mentimeter платформасы арқылы ұстаздардан кері байланыс жасалынды.

Спикерлер: Нурбекова С.Т, Сарқытбай Б, Алмабай К, Ыкласова А.Ж, Адилбеков А.М, Каипназаров Д

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: