24
қаңтар
2025
ХБГ пәндер бірлестігінің мектепке өзгеріс енгізу жұмыс жоспары бойынша мектепішілік семинары
Тақырыбы: «Заманауи мұғалімге арналған құралдар: Жасанды интеллект және креативті дизайн»
Мақсаты: Оқытушыларға заманауи білім беру процесінде тиімді платформаларды пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру, жасанды интеллект пен креативті дизайн құралдарын тиімді қолдануға үйрету.
Міндеттері:
- Жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен таныстыру және олардың оқытудағы рөлін түсіндіру.
- Креативті дизайн құралдарын сабаққа енгізу әдістерін көрсету.
- Оқытушыларға әртүрлі онлайн платформалар мен бағдарламалардың артықшылықтарын таныстырып, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету.
- Құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың білім алу мотивациясын арттыруға ықпал ету.
- Мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға қолдау көрсету.