“Жаратылыстану және Қоғамдық-гуманитарлық бағытының тоғысуы ” тақырыбында өз авторлық бағдарламаларының тәжірибесімен бөлісті.
2025 жылдың 14 наурызы күні Алматы қаласының Жетісу ауданының қоғамдық-гуманитаррлық және жаратылыстану пәндері мұғалімдері бірлесіп, “Жаратылыстану және Қоғамдық-гуманитарлық бағытының тоғысуы ” тақырыбында өз авторлық бағдарламаларын қала және облыстық мектеп мұғалімдеріне таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Элективті курстарын ғылыми және әдістемелік тұрғыдан негіздеп, кәсіби деңгейде қорғау дағдыларын дамыту, педагогикалық тәжірибе алмасу және білім беру үрдісін жетілдіруге ықпал ету, сондай- ақ оқушыларға ғылымдардың әдістері арқылы кешенді түрде түсінуге мүмкіндік беретін пәнаралық көз қарасты қарыптастыру мақсатында №177 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен онлайн конференция өтті. Конференция бағдарламасына сай білім беру ұйымының тарих пәнінің мұғалімі Танатов Тұрсын Танатович « Қазақ тарихындағы көтерілістер » , география пәнінің мұғалімі Раимбекова Керемет Апбазовна « Географиялық картамен жұмыс арқылы ғылыми-танымдық дағды қалыптастыру » , математика пәнінің мұғалімі Жабаева Айгүл Нурлыбековна « Математикалық логикалық есептер », информатика пәнінің мұғалімі Бейсембекова Шынар Нуралиевна « Компьютерлік сауаттылық негіздері » , химия пәнінің мұғалімі Абылханова Алмира Бекежановна « Қызықты химия пәні » атты тақырыптарда жеке өздерінің ұсынған авторлық бағдарламаларының заманауи білім беру талаптарына толық сәйкес келетіндігімен қатар, оқушылардың зерттеушілік, талдау және практикалық дағдыларын дамытуға, қоғамдық және жаратылыстану бағыттағы пәндер бойынша білім алушылардың теориялық білімдерін меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бағдарламалардың жалпы және орта білім беру ұйымдарының оқытушыларына көмекші құрал ретінде, ал жас мамандар мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне одан әрі жол ашатын таптырмас құрал екенін жеткізді.