07
сәуір
2025
« Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы » атты тақырыпта дене шынықтыру бірлестігінің апталығы
Апталықтың мақсаты:
«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбы-балалардың белсенділігін арттырумен бірге, олардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына да оң әсер етеді.Мұндай іс-шаралар балаларды дұрыс бағытта тәрбиелеуге,салауатты және белсенді өмір сүруге ынталандырады.
Балалардың физикалық белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спорт ойындарын дамыту.
Міндеттері:
- Денсаулық сақтау: Физикалық активтілік арқылы денсаулықты нығайту, түрлі аурулардың алдын алу;
- Физикалық даму: Бұлшық еттерді, икемділікті, төзімділікті, координацияны және күшті дамыту;
- Тұлғалық даму. Спорт арқылы тұлғалық қасиеттерді, өз-өзіне сенімділікті, жауапкершілікті және командалық рухты қалыптастыру;
- Психологиялық тұрақтылық: Физикалық белсенділік стресс деңгейін төмендетуге, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
