"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Абайдың асыл мұрасы " атты көркем сөз байқауы
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Абай жыры, Абай үні мәңгілік жүректе...» атты онкүндіктің "Оқуға құштар -мектеп" жобасы бойынша "Абайдың асыл мұрасы" атты мектепішілік көркемсөз байқауы өткізілді. Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау; оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Байқауға мектебіміздің 5-8- сынып оқушылары қатысты. Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтып, өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Әділқазылардың шешімі бойынша "Бас жүлдені" 6"Д" сынып оқушысы Ерлан Кәусар, І орын Жартыбай Керемет, ІІ орын Сапархан Маржан, ІІ орын Серік Айару, ІІІ орын Тулемисова Күнсұлу, ІІІ орын Әділбекова Айару, ІІІ орын Мустафина Аружан мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.