12
қыркүйек
2025
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №177 мектеп-гимназиясы

Ата-аналарды мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі туралы ақпараттандыру мақсатында №177 мектеп-гимназиясында «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ата-аналармен қазіргі қоғамда өзекті болып отырған буллинг және кибербуллинг мәселелері талқыланды. Мамандар бұл құбылыстардың балалардың психоэмоционалдық дамуына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты ақпарат беріп, алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, жиналыс барысында «Психологиялық қолдау орталығы» тарапынан дайындалған ақпараттық жаднамалар ата-аналарға табысталды. Бұл жаднамаларда бала психологиясын қорғау, отбасылық қолдаудың маңызы және мектеппен тиімді байланыс орнату жолдары қамтылған.
🔹 Іс-шара ата-аналар мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтуға, оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына бағытталған маңызды қадам болды.