Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 25 қазан күні 9 «Ә» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: Ұлттық мереке 25 қазан- «Республика күні» Мақс
20
қазан
2025

2025 жылдың 25 қазан күні 9 «Ә» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: Ұлттық мереке 25 қазан- «Республика күні» Мақс

2025 жылдың 25 қазан күні 9 «Ә» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
Тақырыбы: Ұлттық мереке 25 қазан- «Республика күні»
Мақсаты : Оқушыларды Республика күні туралы тарихи ақпаратпен таныстыру,
Ел Тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру,
Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді дамыту,
Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын жеткізу,
Тарихи оқиғаларды еске алып, азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Оқушылар не білді/не үйренді?
* Республика күні 25 қазанның маңызын — елдің суверенитеті жайлы шешім қабылданған күн екенін түсінді.
* Мемлекеттік рәміздердің (ә­нұран, ту, Елтаңба) маңызын меңгерді.
* Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін нығайтты.
* Тарихи оқиғаларды танып, жас ұрпақ ретінде азаматтық жауапкершілікті сезіне бастады.
Сабақ барысында оқушыларға мерекенің тарихи маңызы түсіндіріліп, тарихи даталарға шолу жасалды. «Тарихи даталар сөйлейді» бөлімінде Тәуелсіздікке байланысты маңызды жылдар мен оқиғалар аталды. Оқушылар өлеңдер оқып, сұрақ-жауапқа белсене қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекші : К.С . Сахитова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: