06
қараша
2025
6-сыныптар үшін жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі
6.11.2025ж. күні 6-сыныптарға арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану пәндерінен болды, нәтижесінде хаттамаға сәйкес І орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Қалған балаларға мектеп директорының грамотасы табысталады. Ауданға өткен балаларға сәттілік!





