17
қараша
2025
№177 мектеп-гимназиясында 17.11. күні 10 "Б" сынып оқушыларымен «Жалған діни ұйымдар мен ағымдар, олардың белгілері мен зардабы» тақырыбында түсіндіру
№177 мектеп-гимназиясында 17.11. күні 10 "Б" сынып оқушыларымен «Жалған діни ұйымдар мен ағымдар, олардың белгілері мен зардабы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараны діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарының жетекшісі Исаев Нұрлыбек өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жалған діни ағымдардың негізгі белгілері, олардың қоғам мен жеке тұлғаға келтіретін зардаптары, сондай-ақ жастарды өз қатарына тарту тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу әдістері, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау шаралары және күмәнді жағдайларда кімге жүгіну керектігі түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты — оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, қауіпті ағымдардың ықпалынан қорғану дағдыларын қалыптастыру болды.