25
қараша
2025
“Лудомания” тақырыбында сынып сағаты
Қазіргі жасөспірімдер арасындағы, жалпы қоғамдағы телефон, компьютердегі ойындарға құмар болу, тәуелділік дертке айналғаны анық. Осы дерттің алдын алу мақсатында сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 24 қараша күні 10 Ә сыныбында “Лудомания” тақырыбында сынып сағатын өтті. Лудомания психологиялық ауру екенін, адам өміріне, денсаулығына зиян келтіретіні туралы айтып, керісінше спортпен шұғылдану,шығармашылықпен айналысу, қызықты істермен айналысу керектігі туралы ұсыныстар айтылып, әр күнді мағыналы өткізуге шақырды.