15
желтоқсан
2025
Психология апталығы
Бүгін 15.12.2025 Апталықтың ашылу салтанаты мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, педагогтер мен оқушылар арасында жылы қарым-қатынасты дамытуға ықпал етті. «Жылы лебіз білдіру» іс-шарасы қатысушылардың эмоционалдық күйін жақсартып, психология апталығына жағымды бастама берді. Педагогтерге арналған «Құпия дос» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұғалімдер арасында жасырын түрде «құпия дос» анықталып, апталық барысында бір-біріне жылы лебіз білдіру, жағымды тілектер жазу, қолдау көрсету тапсырылды.
Оқушыларға арналған бөлімде сабақ басталар алдында олардың көңіл күйін анықтау мақсатында «Көңіл күй термометрі» (немесе «Смайлик таңда», «Түсті белгіле») әдісі қолданылды. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз көңіл күйлерін еркін білдірді. Мұғалімдер тарапынан да оң көзқарас пен қызығушылық байқалды.