Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «IT Escape Room: Алгоритмнен жасанды интеллектке дейін» квесті өтті
21
қаңтар
2026

«IT Escape Room: Алгоритмнен жасанды интеллектке дейін» квесті өтті

«IT Escape Room: Алгоритмнен жасанды интеллектке дейін» квесті өтті

2026 жылдың 21 қаңтарында мектебіміздің 10 «Б» сыныбында информатика пәні бойынша
«IT Escape Room: Алгоритмнен жасанды интеллектке дейін» атты танымдық квест-сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық пен командалық жұмысты қалыптастыру, сондай-ақ бағдарламалау және веб-технологиялар бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру.

Квест барысында оқушылар:
•алгоритмдер құрастырды;
•бинарлық кодпен жұмыс жасады;
•Python тілінде диалогтық бағдарлама құрды;
•HTML тілінде «Жасанды интеллект» тақырыбында шағын сайт дайындады.

Оқушылар белсенділік танытып, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Квест командалық жұмыс пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастырған пән мұғалімдері:
Жанабаева М.А., Бейсембекова Ш.Н.
Осындай іс-шаралар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларға деген қызығушылығын нығайтады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: