Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 ақпан - Дүниежүзілік интернет күні!
04
ақпан
2026

4 ақпан - Дүниежүзілік интернет күні!

"4 ақпан - Дүниежүзілік интернет күні" тақырыбында 10 "Е" сынып оқушыларымен сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың маңызын түсіндіру, жеке мәліметтерді қорғау, киберқауіптерден сақтану жолдарын үйрету.
Қауіпсіз интернет — интернетті зиянсыз, жауапты және саналы пайдалану ережелері.

Негізгі қағидалар:
🔒 Жеке мәліметтерді қорғау: аты-жөнің, мекенжайың, телефон нөмірің, құпиясөздеріңді бейтаныс адамдарға берме.
🔑 Құпиясөз қауіпсіздігі: күрделі құпиясөз қолдан (әріп+сан), оны ешкімге айтпа.
🧠 Сыни ойлау: интернеттегі ақпараттың бәрі шын емес, дереккөзді тексер.
👤 Бейтаныстармен сақ болу: таныс емес адамдармен жеке чатта сөйлесуден аулақ бол.
🚫 Кибербуллингке жол бермеу: қорлау, мазақтау көрсең — жауап берме, скриншот сақтап, үлкендерге айт.
📎 Күмәнді сілтемелерді ашпау: белгісіз хаттар мен файлдар қауіпті болуы мүмкін.
Информатика пәні мұғалімі: Берикова Г. А.
#Қауіпсіз_интернет
#177мг
#информатика



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: