Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сыныптар арасында география пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
12
ақпан
2026

9-сыныптар арасында география пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

12.02.2026 күні 9-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның тақырыбы: «Геокруиз – әлемді шарлайық».

Бүгін біз сіздерді ерекше саяхатқа шақырдық! Бұл — білім мен қызыққа толы танымдық геокруиз.
Әр аялдама — жаңа білім,
әр бағыт — жаңа жаңалық,
әр сәт — ерекше әсер!

География — тек карта мен атаулар ғана емес, ол — бүкіл әлемді танып-білуге апарар жол.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытты. Топтық жұмыстар ұйымдастырылып, картамен жұмыс жүргізілді, геопазл құрастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында берілген тапсырмаларды тиімді орындады.

«Геокруиз – әлемді шарлайық» саяхаты жоғары деңгейде өткізілді.

Ұйымдастырушылар:
Алимбаева Г.С.
Сарсенова А.С.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: