«Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері »
15 –қазан күні1- 4-сыныптар арасында «Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері » тақырыбында №21 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Танатарова Сандуғаш Оспаналиқызы және мектебіміздің аспазшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тамақтанудың басты ережелері айтылды. Мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануының маңызы жоғары себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады. Сондықтан, оқушының тамақтану рационының қоректік құндылығы жоғары болуы тиіс, яғни, пайдалы дәрумендерге бай сапалы өнімдерден құралуы қажет. Рационда(құрамы) «бос калориялы» және зиянды химиялық қоспалары бар өнімдер болмауы тиісті болуына түсіндірме жүргізілді. Бейнеролик көрсетілді. «Бейнероликтен қандай әсер алдыңдар? Қандай ой түйдік? Біз күнделікті дұрыс тамақтанамыз ба? Фаст-фуд дегеніміз не?» сұрақтары қойылып, жауаптар алынды.Тақырыпқа байланысты оқушылар «Дәрумендер әлемі» сахналық қойылымын көрсетті.
Ұйымдастырушылар: 2-сынып жетекшілері.


