27
ақпан
2026
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында тәрбие шарасы өтті.
27.02.2026 ж.күні №177 мектеп-гимназиясында 8 «Ә»- сыныптар арасында «Қазақ халқының салт- дәстүрлері: бесікке салу, тұсау кесер» тақырыбында тәрбие шарасы өтті. Тәрбие шарасының мақсаты «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбие шарасына 8 «Ә сынып оқушылары және ата- аналары қатысты. Ата- аналар оқушылармен бірлесе отырып бесікке салу, тұсау кесер, ұлттық ойын асық, арқан тартыс көрсетті. Осылайша, мұғалім-бала-ата-ана арасындағы үштік одақ баланың табысты тәрбие алуы мен дамуы үшін үлкен маңызға ие болды. Осы үш қатысушының өзара әрекеттесуі қазақтың мерекесі наурыз, наурыз көжені бірге іше отырып, бір біріне ақ тілектерін айтты. Әр баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Сынып жетекшісі Ж.Курымбаева