Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 «Г» сыныбымен «Алғыс айту күніне» орай тәрбие сағаты өткізілді.
02
наурыз
2026

7 «Г» сыныбымен «Алғыс айту күніне» орай тәрбие сағаты өткізілді.

2026 жылғы 2 наурыз күні 7 «Г» сыныбында «Алғыс айту» күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында ризашылық, құрмет, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар алғыс айтудың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына және туған еліне деген ризашылық сезімдерін білдірді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырмалар орындап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Шара оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, жылы қарым-қатынас орнатуға ықпал етті. Алғыс айту – қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі екені ерекше атап өтілді.

Сынып жетекшісі: Жанабаева М.А.

#Алғысайтукүні #7Гсыныбы #ТәрбиеСағаты #Мейірім #Ризашылық #МектепӨмірі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: