Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өрлеу " БАҰО Алматы қаласы бойынша КДИ бірлесіп өткізген қалалық семинар-практикум
20
наурыз
2026

"Өрлеу " БАҰО Алматы қаласы бойынша КДИ бірлесіп өткізген қалалық семинар-практикум

20.03.2026ж.күні  «Кәсіби даму траекториясы: Озық педагогикалық идеяларды мектеп практикасына енгізу» атты " Өрлеу" БАҰО КДИ мен бірлесе ынтымақтастықта өткізген қалалық семинар - практикум өтті.
  Мақсаты: ынтымақтастық пен қауымдастықты арттыра отырып, 
әлемдік және отандық педагогикалық технологияларды мектеп тәжірибесіне жүйелі түрде енгізу және білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсарту. 
Семинар- практикумды мектеп- гимназия директоры Танатов Тұрсын Танатұлы ашып, әріптестердің өз тәжірибесін таратуына  қолдау білдірді сонымен қоса 2024- 2025 оқу жылындағы 
 «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының жеңімпаздары өздерінің мазмұнды, тың идеяларымен бөлісті.
Үздік тәжірибе алаңын көрсеткен спикерлер:
    «Тіл мәдениеттерді байланыстыратын құрал ретінде: мектеп оқушыларының мәдениетаралық сауаттылығын қалыптастырудағы комикс-әдістеме»    Жетісу ауданы, №177 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, 2025 жылғы Республикалық ППИ байқауының мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша 1-орын иегері Тлепина Луиза Адиловна    «Инновационные практики современной школы: эффективная интеграция STEM-образования и технологий искусственного интеллекта в преподавание математики»    Түрксіб ауданы №203 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі, педагог -модератор, 2025 жылғы Республикалық ППИ байқауының жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-орын иегері Кабирова Джамиля Мухтаржановна        " География сабағында оқушылардың ГАЖ, ЖИ арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми зерттеу жұмыстарына бағыттау"     Бостандық ауданы, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші,  2025 жылғы Республикалық ППИ байқауының экологиялық сауаттылық бағыты бойынша 2-орын иегері    Мирзабекова Улпан Оразбековна"Адам геномын оқыту: білім мен ғылымның құпия коды"     Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 2025 жылғы Республикалық ППИ байқауының жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша 3-орын иегері  Амзеев  Рауан ЕсенгелдиевичКері байланыс алаңын жүргізген,     Кеніштайқызы Гүлбала, «Өрлеу» БАҰО Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы, тренер, гуманитарлық ғылымдар магистріСеминар - практикум үшін ютуб каналы арқылы тікелей трансляция ұйымдастырылды.
Семинарға келген қонақтар да, мектебіміздің ұстаздары да құнды ақпарат алып, болашақта қолданатындарын айтып, жоғары баға берді!
Ұйымдастырушылар: Кеніштайқызы Гүлбала, «Өрлеу» БАҰО Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы, тренер, гуманитарлық ғылымдар магистрі және директордың оқу істері жөніндегі орынбасары Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: