23
сәуір
2026
Отан қорғаушылардың ерлігін мәңгі есте сақтау жөніндегі қоғамдық комиссияның мүшелері келіп қайтты.
23.04.2026 ж. күні Отан қорғаушылардың ерлігін мәңгі есте сақтау жөніндегі қоғамдық комиссияның мүшелері Сапарбаева Кумбат Қадірғалиқызы және Шалакина Любовь Александровна №177 мектеп-гимназиясында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары мен Қарттар күніне арналған іс-шаралардың ұйымдастырылу барысын бақылау мақсатында арнайы тексеріс жүргізді.
Аталған тексеріс барысында комиссия мүшелері мектеп ұжымының тәрбие бағытындағы жұмыстарымен танысты.Тексеру барысында қонақтар мектеп-гимназия директоры Т.Т.Таңатұлымен бірге оқу кабинеттерінің жабдықталуын, модернизация жағдайын қарап шықты. Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Н.Бейсембековамен Қарттар күніне арналған іс-шаралар және жалпы тәрбие жұмыстарының жүргізілу барысы бойынша пікір алмасты.
Білім беру ұйымындағы тәрбие және патриоттық бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде ұйымдастырылғанына көз жеткізіп, оң бағаларын берді. Қонақтар оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкендерге құрмет көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар қонақтар алдағы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай әзірленген жоспармен танысып, жоспарланған іс-шараларға оң бағаларын беріп, өз ұсыныстары мен жылы лебіздерін жеткізді.