22
сәуір
2026
Мектепке өзгеріс енгізу тобының жұмысына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер семинары ( орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих)
«Мектепке өзгеріс енгізу» тобының жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мазмұнды семинар өткізілді.
Семинар барысында «Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру» тақырыбы кеңінен қарастырылды. Ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сөйлеу, тыңдау және өз ойын еркін жеткізу шығармашылық жұмыспен айналысу, ізденімпаз қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Семинарда ұсынылған баяндамалар заманауи білім беру талаптарына сай құрастырылып, практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Әсіресе, оқушылардың тілдік ортаға бейімделуін арттыру, топтық жұмыс арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту жолдары және тарихты жеңіл меңгеру бойынша тапсырма және үстел ойындарын құрастыру жан-жақты талқыланды.
Іс-шара өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, қатысушыларға жаңа идеялар мен кәсіби шабыт сыйлады.