23
сәуір
2026
Математикалық-жаратылыстану бағытындағы пәндердің мектепішілік семинары
«Мектепке өзгеріс енгізу» тобының жоспары аясында «Математика, информатика және физика» және «Жаратылыстану ғылыми пәндер» бірлестіктері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – оқушылардың өз ойын еркін жеткізу, пікір алмасу, топта тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту жолдарын қарастыру. Іс-шара барысында мұғалімдер тәжірибе алмасып, түрлі әдіс-тәсілдер мен белсенді оқыту стратегияларын ұсынды.
Қатысушылар топтық жұмыстар, практикалық тапсырмалар, пікірталас және ойын элементтері арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдарын талқылады. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер көрсетілді.
Семинар қорытындысында мұғалімдер өзара кері байланыс жасап, ұсыныстарымен бөлісті. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және білім беру үдерісін жетілдіруге өз үлесін қосты. Семинар өте жоғары деңгейде өтілді. Жауаптылар: “МИФ” бірлестігі мен “Жаратылыстану ғылыми пәндер” бірлестік мұғалімдері.