Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жұлдызыңды жақ, жарқыра , жас маман-2026" мектепішілік жас мамандар байқауы
15
мамыр
2026

"Жұлдызыңды жақ, жарқыра , жас маман-2026" мектепішілік жас мамандар байқауы

Мектеп- гимназиямызда 2026 жылғы 15 мамырда “Жұлдызыңды жақ, жарқыра, жас маман!” атты мектепішілік “Үздік жас маман-2026” сайысы өткізілді.
 Бұл сайыс жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты:
    •    Жас мамандардың кәсіби біліктілігін, шығармашылық қабілетін шыңдау.    •    Мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.    •    Ұстаздық жолдағы ізденіс пен жаңашылдықты насихаттау.    •    Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.Сайыс жас мамандардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға бағытталған төрт негізгі кезеңнен тұрады:
     І кезең      Электронды портфолио  5 минут          ( 8 ұпай ) 
       ІІ кезең  Видео сабақ  (белгілі бір бөлігі) 5 минут        ( 8 ұпай )
        ІІI кезең TEDX форматта идея ұсыну  7 минут     ( 24 ұпай )
     ІV кезең  Тақырыптық эссе (Үй тапсырмасы) 3 минут ( 10 ұпай )  
       V кезең   Қорытынды және марапаттау;
Сайыс жас мамандардың кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, олардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберліктерін дамытып, ұстаздық жолындағы ізденістерін жалғастыруға мотивация алды. Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.
Жас мамандарымыз өздерінің жаңашыл көзқарас , идеяларымен тәнті етті. Ұйымдастырушылар. ДОЖЖО Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы және Якияева Абира Алдашқызы










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: