Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
15
мамыр
2026

«Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.

15.05.2026ж.Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты № 177 мектеп –гимназиясында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Отбасы – бақыт мекені . Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын деп оқушыларымызға өз ойларын эссе түрінде жаздыртым. 8 «А» сынып оқушылары Кеңесбай Мирас, Асқар Мирас, Ермекбай Ақсұлтан және 8 «Д» сынып оқушылары Жанахмет Бегімсұлу мен Шарипова Сафият, Рауанқызы Ақторғын ерекше белсенді қатысып, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.Оқушыларыма «отбасы бақыт мекені» екендігін түсініп , ата –аналарын сыйлады , құрметтейді деген ойдамыз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: