Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті!
03
маусым
2026

Біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті!

03.06.2026ж. күні біздің лагерьде нағыз «Ұлттық ойындар фестивалі» өтті! Бастауыш сыныптың кішкентай батырлары мен арулары гаджеттерді ұмытып, ұлттық ойындардың қызығына батты.
Оқушыларымыз «Арқан тартыста» бірлігін көрсетсе, «Асық атуда» мергендіктерін байқатты. Ал «Орамал тастамақ» пен «Ақсерек-көксерек» ойындарындағы балалардың күлкісі лагерьді жаңғыртты!
Балалық шақтың ең тәтті сәттері осындай белсенді әрі пайдалы ойындармен есте қалары сөзсіз. Видеоны көріп, кішкентай чемпиондарымызға қолдау білдіріп, жүрекше қалдырыңыз!




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: