Мектепке жол » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
шілде
2022

Мектепке жол







2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы                        19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: