Ұлдар жиналысы » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қыркүйек
2023

Ұлдар жиналысы

2023-2024 оқу жылында жоспарға сәйкес №1  ұлдар жиналысы «Жалпы оқушылар жиналысы» 06-ші қыркүйек айында 7 сынып ұлдары арасында өтті. Ұлдар жиналысында қаралатын мәселелер бойынша мектептің ережесін, ішкі тәртіп ережесін, оқушы құқығы мен міндетін таныстырылу жүргізілді, сонымен қоса интернет желісін пайдалану, ақпарат көздерін жариялау бойынша түсіндіру тақырыбында  ұлдар кеңесінің төрағасы: Әбдірәсіл Саян бірінші ұлдар жиналысын мектебіміздің АКТ залында жүргізіліп 7 сыныптар қатысты.
Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәмбетбай Нұрдаулет мектептің ішкі ережелерін айтып, мектептің жалпы мүлкіне жауапкершілікпен қарауын сөз етті. Сонымен қатар оқушылар арасында әлімжеттік пен буллингтің алдын алу мақсатында анонимді түрде қызмет көрсететін QR код барлық кабинеттерге ілінгендігі жайлы мәлімет берілді. QR код арқылы білім алушы өз өтініші мен шағымын жасырын түрде жеткізе алады. Мектеп әкімшілігі түскен өтініштер мен шағымдар бойынша шаралар қолданады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: