Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгін 7  сыныптар Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше әсерге бөлендік.
10
сәуір
2026
Бүгін 7 сыныптар Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше
Бүгін 7 сыныптар  Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, ерекше әсерге бөлендік. Театр әлеміне саяхат жасап, өнердің құдіретін сезіндік. Оқушылар үшін бұл күн тек демалыс емес, рухани байлыққа толы, тәрбиелік мәні зор сәттердің бірі болды. Сахнадағы актерлердің шеберлігі, қойылымның мазмұны бәрімізге үлкен әсер қалдырды. Осындай мәдени орындарға бару – оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, өнерге деген қызығушылығын оятады. Керемет көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлаған бүгінгі күн үшін
Әр бейсенбі күні  " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы өзінің сынып кабинеттеріне тазалық жасады.
09
сәуір
2026
Әр бейсенбі күні " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы
09.04. Әр бейсенбі күні " Тазалық күні" болуына байланысты 5 "Ә" сыныбы өзінің сынып кабинеттеріне тазалық жасады: парталарды, терезе жақтаулары, сөрелерді, орындықтарды, қабырғаларды сүртіп тазалап, өз отырған орындарын таза ұстау керектігіне атсалысты. Жетекшісі : Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу.
08
сәуір
2026
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі
Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Бойға күш-қуат жинау үшін пайдаланылатын таңғы уақыт-бұл күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектіктің және салауатты өмір салтын ұстанатын денсаулықтың кепілі. 4 "Ғ" сынып дене шынықтыру мұғалімі:Ахметкалиева Асем Менгажиновна
7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді.
08
сәуір
2026
7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп
07.04–08.04.2026 ж. күндері аралығында 7–11 сынып қыздары арасында сынып жетекшілерінің және мектеп психологтарының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды. Жиналыс барысында қыз балаларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, заң
Мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
07
сәуір
2026
Мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектепішілік кіші теннистен 5–11 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара оқушылардың денсаулығын нығайтуға, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты
10 "А" сыныбында   "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіліп баяндалды.
07
сәуір
2026
10 "А" сыныбында "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында
07.04.2026ж. №177 мектеп-гимназиясында 10 "А" сыныбында "Ата заң - мемлекеттің тірегі" тақырыбында елімізде 15 наурыз күні өткен Конституциялық реформа қорытындысы бойынша қабылданған Конституциядағы толықтырулар мен өзгерістерге оның ішінде Президент, Құрылтай және Вице-президент лауазымына байланысты түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіліп баяндалды. Өткізген: тарих пәні мұғалімі У.А.Танакозова
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы.
07
сәуір
2026
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы.
Таңғы жаттығу – күннің ең жақсы бастауы Сергіп, шынығып, жаңа күшпен алға қадам! Бүгінгі еңбек – ертеңгі нәтиже Пән мұғалімі: Садеков А.
№177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған жол» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді
06
сәуір
2026
№177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында №177 мектеп-гимназиясының медбикесі оқушылар арасында «Мен таңдаған жол» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, медбике кабинеттерді аралап, балаларға жеке тазалықтың маңызы туралы айтып, алғашқы жарақат алған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде кеңестер берді.
«Мамандық – өмір таңдауы»
06
сәуір
2026
«Мамандық – өмір таңдауы»
📚 Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы» 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәлімет алып, болашақта дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығын түсінді. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандық таңдау жөнінде ой бөлісіп, белсенділік танытты. Мақсаты – оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру және болашаққа
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді
06
сәуір
2026
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу
📢 Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді Алматы қаласы №177 мектеп-гимназиясының оқушыларымен қалалық сейсмикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, эвакуациялау жолдарын және қауіпсіз орындарды алдын ала анықтау, сондай-ақ апаттық чемодандарды дайындау дағдыларын қалыптастыру болды. Жаттығу барысында «Назар аударыңыз!» дабыл