Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таза Қазақстан!
25
желтоқсан
2025
Таза Қазақстан!
5 "е" сынып оқушылары сыныпта тазалық жұмыстарын жүргізді. Сынып оқушылары сыныпты таза ұстағанды ұнатады. Жұмысты барлығы бірдей жұмыла жасайды. Тазалық – өзіңнен басталады!
Бейсенбі - тазалық күні!
25
желтоқсан
2025
Бейсенбі - тазалық күні!
3"Е"сыныбында әдеттей "Таза-Қазақстан"✊✊✊
«Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.
24
желтоқсан
2025
«Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті.
177 мектеп-гимназиясында 1 «Е» сыныбында «Рахмет саған, Әліппе» атты әліппемен қоштасу мерекелік кеші өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты: оқушылардың алғашқы оқулығы Әліппенің бала өміріндегі ерекше орнын таныту, бірінші сыныпта алған білімдерін қорытындылау және оқуға деген ынтасын арттыру. Міндеттері: •Оқушылардың сауат ашу барысында меңгерген білімдерін көрсету; •Әріптер мен дыбыстарды дұрыс танып, еркін оқи білу дағдыларын дамыту; •Кітапты қадірлеуге, білімге құштар болуға тәрбиелеу;
“Рақмет саған,Әліппе!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
23
желтоқсан
2025
“Рақмет саған,Әліппе!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
1 “Б” сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиеге қадам басатын,білімге құштарлық ашылатын “Рақмет саған,Әліппе!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде 42 әріпті меңгеріп,оқуға сауаттары ашылған шәкірттер.Ана тілі оқулығын да құрметпен қарсы алып,жақсы оқып меңгеруге серт етті. Зейінді бала,білімді ұрпақтарымыз көп болсын! Сынып жетекші: Қажи Жайна Қабдығалиқызы.
"Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық байқау жеңімпазы
23
желтоқсан
2025
"Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық
Қалалық жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы мен ZERDELI  мектебі бірлесе отырып жасаған мұғалімдерге арналған "Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық байқауының жұптық сайысында математика пәні мұғалімі Каипназаров Динмухамед ІІ орынды иеленді.  
1 “В”сыныбында әліппемен қоштасу кеші өтті.
22
желтоқсан
2025
1 “В”сыныбында әліппемен қоштасу кеші өтті.
Мектебімізде 22 желтоқсан күні 1 “В”сыныбында әліппемен қоштасу кеші өтті. Кеште балалардың сүйікті әндері шырқалып,билері биленді,көріністері қойылды. Балалар бүгінгі күнді ұмытпайды, өздері оқып білген әріптер мен жақсы сөздерді,естелік ретінде есінде сақтайды деп сенеміз. Сынып жетекшісі: Корпебаева А.К.
Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай сынып сағаты өткізілді.
22
желтоқсан
2025
Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына
22 желтоқсан күні 2 “В” сыныбында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай сынып сағаты өткізілді. Оқушылар батырдың өмір жолы мен ерліктері туралы мәлімет алып, өлеңдер оқып, деректі бейнероликтер тамашалады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу. Оқушылар белсенділік танытып, батырға деген құрметтерін білдірді. Сынып жетекшісі: Масимбаева Г. М
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің маманы Еркеш Садыковна Жакуповна мен 9 сынып білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмы
22
желтоқсан
2025
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің маманы Еркеш
22.12.2025 жылы мектебімізде «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің маманы Еркеш Садыковна Жакуповна мен 9 сынып білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.Іс-шара барысында оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, мемлекеттік қолдау шаралары және еңбек мобильділігі
Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының жеңімпазы
22
желтоқсан
2025
Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының жеңімпазы
 Мектеп- гимназиямыздың ағылшын тілі пәні мұғалімі Тлепина Луиза Адиловна  Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы 2025" конкурсының республикалық кезеңінің " Мәдениетаралық сауаттылық " бағыты бойынша 1 орынды иеленді! Жеңіс құтты болсын!
Мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына оқу үздіктерін қабылдау салтанатты түрде өтті
19
желтоқсан
2025
Мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына оқу үздіктерін
Мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына оқу үздіктерін қабылдау салтанатты түрде өтті ✨ Бұл қатарға білімге құштар, тәртібі үлгілі, белсенді оқушылар қабылданып, олар ұйым мүшесі атанды. Жас ұландар мен жас қырандарға алдағы оқу жолында табыс, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! Еліміздің ертеңі – білімді де саналы ұрпақ!