15
мамыр
2025
«ОТБАСЫ» күніне орай 5 -сынып ата-аналарымен «Біз біргеміз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
14.05.2025ж № 177 мектеп-гимназиясында мектеп психологтары тарапынан 15 мамыр «ОТБАСЫ» күніне орай 5 -сынып ата-аналарымен «Біз біргеміз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, өзара түсіністік пен қолдауды дамыту.
Ұйымдастыру кезеңінде қауіпсіз байланыс кеңістігін құру аясында, сенім мен өзара түсіністікті нығайту үшін қатысушылар өз ойлары мен сезімдерімен бөлісті.
Әрбір отбасы мүшесінің күшті жақтары мен отбасының ортақ көрнекі бейнесін жасауға «Менің күш қалқаным» жаттығуы орындалды.
Сонымен қатар отбасының үміті мен ортақ күшінің нышанын жасауға, өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға бағытталған «Үміттің қол шамы» атты арт терапиясы барысында,әр жұп өз банкасын қалауынша безендірді.Үміт пен күштің символы ретінде жарқырайтын қол шамын жасады.
Бүгінгі кездесудің соңы бір-бірімізге қолдау білдіретін теңдік пен бірліктің символы «Ынтымақтастық шеңбері» жаттығуымен аяқталды.
Тренингке қатысқан ата-аналар белсенділік танытты, баласымен ашық қарым-қатынас жасауға қызығушылықтарын білдіріп,мұндай кездесулердің жалғасын күтетінін айтты.
Ұйымдастырушы мектеп психологтары.