21
қараша
2025
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалинге - 130 жыл.
2025 жылдың 21- қараша күні №177 мектеп-гимназиясында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның балаларға арналған танымал туындыларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар «Мүсінші Мысық» шығармасы бойынша сахналық көріністер ұсынылды. Мерекелік концертте балалар ән айтып, күй орындап, ұлттық билерді нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін көрерменге паш етті.
Бұл мерекелік кеш оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етті.
Ұйымдастырушылар: 1-2 сынып жетекшілері
Бұл мерекелік кеш оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етті.
Ұйымдастырушылар: 1-2 сынып жетекшілері