Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласында өткен Balafest 2026 фестивалі аясындағы Dodgeball спорт түрінен 5–6 сынып қыздар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді!
08
мамыр
2026
Алматы қаласында өткен Balafest 2026 фестивалі аясындағы Dodgeball
Алматы қаласында өткен Balafest 2026 фестивалі аясындағы Dodgeball спорт түрінен 5–6 сынып қыздар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді! 🥇 Жетісу ауданының намысын қорғаған №177 мектеп-гимназия оқушылары.Жетекшілері: — Үлкенбай Жаңылсын — Жаркен Берік — Садеков Айдар — Азаматова Диана
10А -сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері И.Г.Кудин атаның үйіне барып, мерекелік құттықтау ұйымдастырды.
08
мамыр
2026
10А -сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге Ұлы Отан соғысының
2026 жылғы 8 мамыр күні 10А -сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері И.Г.Кудин атаның үйіне барып, мерекелік құттықтау ұйымдастырды. Оқушылар ардагерге құрмет көрсетіп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Кездесудің мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің ерлігін үлгі ету және үлкенге құрмет көрсету.
№177 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тағылымы мол іс-шара өткізілді.
08
мамыр
2026
№177 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тағылымы мол
№177 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тағылымы мол іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің ерлігін ұлықтау және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Мерекелік кешке құрметті қонақтар ретінде Сапарбаева Кумбат, Федорченко Надежда, Белозёрова Валентина және Ким Людмила арнайы шақырылып, оқушыларға жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында әскери-патриоттық әндер орындалып, оқушылардың көркем
Үштік триада «Сенім – Қолдау – Ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар мен педагогтарға арналған семинар өткізілді.
30
сәуір
2026
Үштік триада «Сенім – Қолдау – Ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар
30.04.2026ж күні Үштік триада «Сенім – Қолдау – Ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар мен педагогтарға арналған семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – білім беру процесіндегі барлық қатысушылар арасында өзара сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсету және тиімді ынтымақтастық орнату. Іс-шара барысында қатысушыларға психологиялық жаттығулар, топтық талқылаулар және тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды. Әсіресе ата-ана мен педагог арасындағы ашық диалогтың
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
30
сәуір
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы
2026 жылғы 30 сәуір күні №80 жалпы білім беретін мектеп, №193 жалпы білім беретін мектеп және №177 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа еліміздегі татулық пен бірліктің маңызын түсіндіру, достық, ынтымақ және өзара құрмет құндылықтарын насихаттау, әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың бойында
" Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
30
сәуір
2026
" Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
30.04.2026 жылы Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 177 мектеп- гимназиясында " Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіру, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, тіл мәдениетін дамыту. Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Катифова Ж.К
“Кітап сыйла” акциясы 2026 жылдың 20 сәуір күні мектеп-гимназиясының кітапханасында өтті.
23
сәуір
2026
“Кітап сыйла” акциясы 2026 жылдың 20 сәуір күні мектеп-гимназиясының
“Кітап сыйла” акциясы 2026 жылдың 20 сәуір күні мектеп-гимназиясының кітапханасында өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім көкжиегін кеңейту және кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған қызықты кітаптарын бір-біріне сыйлап, пікірлерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде жаңа білім алуға, ой-өрісті дамытуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Акция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар
"Балалар әдебиеті  - рухани тәрбие бастауы" 12-ші мен 21 - ші сәуір  аралындағы онкүндік іс - шарамыз  мақсатына сәйкес қорытындыланды.
23
сәуір
2026
"Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы" 12-ші мен 21 - ші сәуір
Жетісу ауданы Ұлттық кітап күніне арналған қалалық мерекелік іс шарамен тұспа тұс келгеніне орай " Балалар әдебиеті -рухани тәрбие бастауы"12-ші мен 21 - ші сәуір аралындағы онкүндік іс - шарамыз мақсатына сәйкес қорытындыланды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
6 «Ж» сыныбында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында тағылымы мол сынып сағаты өткізілді.
21
сәуір
2026
6 «Ж» сыныбында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында тағылымы
6 «Ж» сыныбында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында тағылымы мол сынып сағаты өткізілді. Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тілінің маңыздылығын түсіндіру және тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды. Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екенін түсініп, өз тілін қадірлеуге шақырылды. Сынып жетекшісі: Карибаева А.Б.
“Жақсылық кішкентай істерден басталады"
20
сәуір
2026
“Жақсылық кішкентай істерден басталады"
“Жақсылық кішкентай істерден басталады" 177 мектеп-гимназиясының оқушылары ‘Добрая крышечка’ экологиялық акциясына белсене қатысып, 900 дана пластик қақпақ жинап өткізді ♻️ Бұл – тек табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар қайырымдылыққа қосылған үлкен үлес. Бірге біз қоршаған ортаны таза әрі жарқын ете аламыз! 🌍✨” #добраякрышечка #экология #қайырымдылық #жақсылықжаса #табиғаттықорғау