«Қыз өссе- елдің көркі» тақырыбында қыз сыны болып өтті. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қыз өссе- елдің көркі» тақырыбында қыз сыны болып өтті.
03
наурыз
2023

«Қыз өссе- елдің көркі» тақырыбында қыз сыны болып өтті.

«Қыз өссе- елдің көркі» тақырыбында қыз сыны болып  өтті. 

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Қыз сыны байқауындағы  1 – ші бөлім  таныстыру бойынша 8 сынып арасынан суырылып шыққан қыздар өздерін ұлттық киім үлгісінде өлең жолдары арқылы таныстырды.

2 – ші бөлім бойынша қыздар табиғи материалдан қолдан тігілген киім үлгісін ұсынды. Аса шеберлікпен, тапқырлықпен жасалған киім үлгілерінің жасалу жолдарын көрсетіп қорғады.

3 – ші бөлім өз өнерлерін ортаға салды. Би биленіп, ән айтылды, қыздар  тағам жасаудың шеберлігімен бөлісіп, ортаға салды.

4 – ші бөлім бойынша қол өнерімен таныстырып, қорғады. Қыздар тоқыма тоқып, жүннен сурет салудың оны бояудың, түрлі табиғи материалдардан декаративті сувинирлер жасап әділ қазылар алдында таныстырды.

Қыздар сахна алдында өздерін ұстауын, сөз сөйлеу мәнерін, қол -өнерін көрсетіп, белсенді қатысты. Көрермен оқушылардың ыстық ықыласына бөленді.  Қолдау көрсетіп келеген жанкүйерлер  плакаттарға түрлі жігерлі сөздер жазып, құттықтап қолдау білдірді. Осылай оқушылар арасында достық қарым – қытынас нығайып, шын жанашыр бола алатындарын, өзге оқушының жетістігіне қуана білетінін іс – қимылдарымен көрсете білді.

Әділ қазылар алқасы қыздарды   номинациялар арықылы марапат қағазымен марапаттады.

 Ұйымдастырушы 3 сынып жетекшілері: Құрманалиева Ж.К. Бекмұратова Ғ.Х. Аджибекова Л.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: