«Азат елдің ұланымыз» атты интеллектуалды сайыс » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Азат елдің ұланымыз» атты интеллектуалды сайыс
06
наурыз
2023

«Азат елдің ұланымыз» атты интеллектуалды сайыс

«Азат елдің ұланымыз» атты интеллектуалды сайыс сабақты бастауыш сынып мұғалімі Анисова Ғалия Төлендіқызы 2 – сыныптар арасында өткізді

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл – ой өрісін жан – жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін, сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан ұлттық – өнеге алуға баулу. Қазақстан потротизмін қалыптастыру. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан 10 оқушы қатысты. Сайыс «Көкпар» ауызша сұрақтарға жауап беру, «Жалғастыру» өлеңнің немесе мақал – мәтелдің жалғасын табу, «Бәйге» «Ғажайып алаң» пән бойынша сұрақтарға жауап беру, «Жеті жұрттың тілін біл» полиглот жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша тауып айту, «Дода» сұраққа тез жауап беру атты 5 кезеңнен өтті. Әр кезеңде әділқазылар ойыншылардың ұпай санын анықтап айтып отырды. Сайысқа қатысушы барлық балалар өздерінің алғырлығын, білімдіктерін көрсете білді. Бас жүлдені барлық кезеңнен мүдірмей өткен 2 «Б» сынып оқушысы Төреғали Заңғар жеңіп алып, марапатқа ие болды. Бірінші орынды 2 «Ә» сынып оқушысы Ғалымбек Айару жеңіп алды. Әділқазылар сайысқа қатысушы басқа оқушыларды да марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Сабақ кезінде мұғалім АКТ – ны тиімді қолданып сабақты қызықты әрі тартымды өтті. «Жалғастыру» өлеңнің немесе мақал – мәтелдің жалғасын табу, «Ғажайып алаң» пән бойынша сұрақтарға жауап беру кезеңдерінде Wordwall программасын қолданып, балалардың белсенділігін арттырды. Сабақ жоғары деңгейде өтіліп, өте жақсы деп бағаланды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: