4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізділді. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізділді.
07
наурыз
2023

4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізділді.

4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізділді. Сыныпта жалпы 28 оқушы бар. Оқушылар сабақта сәлемдесіп, сәттілік тілеп, ынтымақтастық ахуал қалыптастырды. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Сабақтың  мақсаты:      Тыңдаған мәтіннің мазмұнына өз пікірін айта алады. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:4.4.2.2 – жіктік жалғауларының қолданысын  білу. Оқушылар 3 топқа бөлінді. Топтың атауы I, II, III жақ .Сабақ барысында оқушылар өздерін тәртіпті ұстады, ұйымдастырушылық қабілеттері көрінді. Сабаққа жақсы қызығушылықпен қатыса алды. Акт тиімді қолдана отырып сандық ресурстарды тиімді пайдаландым. Өткенді қайталау «Flippity net»  ресурсын бойынша  «Пойызбен саяхат» ойыныны ойналды. Ол жерде оқушылар тапсырма орындай отырып, Қазақстан жеріне саяхат жасады. Оқушылар барлық тапсырманы қызығушылықпен орындады. Жұлдызшамен бағаланды. Бейнетаспадан «Судың ластануын» көрсетілді. «Еркін әңгіме» әдісі арқылы көргендерін әңгілеп берді.Дәптермен жұмыс. 81-жаттығуды көшіріп жазу.Суды ластауға болмайды.Өйткені оны бізде, жануарлар мен өсімдіктер де ішеді. «Күл-қоқырды, көң-қоқысты бұлақ басынан аулаққа төк». Тақтамен жұмыс Әр топтан бір оқушы тақтаға орындайды. 82-жаттығуды жіктік жалғауын жалғау .Мен бөлмені тазалаймын. Сен гүл отырғызасың. Ол арықты тазалайды. Біз өсімдіктерді күтеміз. Умайгра ресурсымен «Ұшақпен саяхат » ойынын ойнатылды. Ол жерде жұмбақтар жасырынды. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап Американың Нью-Йорк қаласына билет ұтып алды. Тақырыпты қарастырғанда әрбір деректі ғылыми, жаңашыл тұрғыда қарастыра отырып, жас ұрпақ бойында сауатты, білімді болуға үлкен мән беру керектігі туралы құрмет сезімін қалыптастырдым.  ҚБ: «Қол шапалақ» Жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ.Кері байланыс «Flippity net» ресурсын қолдана отырып берілген «Қызықты викторина» сұрақтарға жауап берді. Тарсырмалары баллдық көрсеткішпен бағаланды. Үш топ жарысып III жақ тобы 1800   баллмен жеңіске жетті.Оқушылар сабақтың соңында жинаған жұлдызшаларын санап бағаланды.Рефлексия Сабақта оқушылар белсенді қатысып,өз ойларын еркін жеткізе білді. “Білім ағашы” арқылы кері баайланыс жасалды.Сабақ  жақсы деңгейінде өтті.Ұсыныс өткізілген ашық сабақты баспа бетіне жариялау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: