2 сыныптар арасында «Мың алғыс әке, баққаның үшін» атты өнеге сағаты өткізілді. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2 сыныптар арасында «Мың алғыс әке, баққаның үшін» атты өнеге сағаты өткізілді.
13
наурыз
2023

2 сыныптар арасында «Мың алғыс әке, баққаның үшін» атты өнеге сағаты өткізілді.

2 сыныптар  арасында «Мың алғыс әке, баққаның үшін» атты өнеге сағаты   өткізілді. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстырды.

   Мақсаты:  Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін  түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспешілікке тәрбиелеу. 

1. Ұл бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

2.Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.

3. Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу. 

  Осы өткізілген іс-шарасының негізгі бөлігінде әкелер өздерін таныстырып,өз ұлдарымен бірге отырды. Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін басшылыққа ала отырып,оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық-дей келе «Сыр-сұхбат» бөлімінде әкелерге төмендегідей сұрақтар қойылды. 

1. «Ұл баланың тәрбиесіне әке жауапты» дейді. Осы пікірге қөзқарасыңыз?

2. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде болуына қалай қарайсыздар?

3. Қазіргі қазақұлының тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

4. Ұлыңызды тәрбиелеуде қандай қағиданы ұстанасыз? Әкелер өз ойларын ортаға салып,сұхбаттасты. Сонымен қатар оқушылар Әке туралы Монолог  оқыды. Тұрмыс тіршілігінің  қиындығына төзе алмай, әкелік жауапкершіліктен қашқақтап отбасы ауыртпашылығын анаға ғана ысырып тастап,басын сауғалап жүрген әкелер туралы бейнеролик көрсетілді. Осы бейнеролик төңірегінде сұрақтар қойылып,жауаптар алынды.Жауапты мұғалімдер: Нұрбекова А.А Рамазанова Ф.Б

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: