Тілдер мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты онкүндігі басталды. » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тілдер мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты онкүндігі басталды.
12
қыркүйек
2023

Тілдер мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты онкүндігі басталды.

12-22 қыркүйек аралығында №177 жалпы білім беретін мектепте   Тілдер мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»  атты онкүндігі басталды.                                                                                                                         
          Онкүндік барысында «Мәңгілік Ел» - жалпы ұлттық  патриоттық идеясы құндылықтарын қоғамдық санада, білім беруде және тәрбие жүйесінде қамтамасыз ете отырып, оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде сыни ойлауға және танымдық шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты әр түрлі танымдық,  тағылымдық жұмыстар жоспарланды.
         12 қыркүйек күні « Өзге тілдің бәрін біл  -өз тіліңді құрметте!» атты тілдер мерекесі салтанаты түрде ашылып, онкүндіктің  жұмыс жоспары таныстырылды. Ашылу салтанатында «Көкжиек» оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі орындалып, оқушылардың әдеби- музыкалық өнері тамашаланды.    
        Апталықта өткізілетін іс шараларға оқушыларды белсенді қатысуға шақырды және мектеп кітапханашысы Бибігул Қайыпбергенова «Оралхан Бөкей- көркем сөз Құлагері» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына кітап көрмесі ұйымдастырылғанын айтып өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: