«Айтыс- халық қазынасы» атты оқушылармен тренинг өткізілді » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Айтыс- халық қазынасы» атты оқушылармен тренинг өткізілді
19
қыркүйек
2023

«Айтыс- халық қазынасы» атты оқушылармен тренинг өткізілді

Тілдер онкүндігі аясында мектебімізде  «Айтыс- халық қазынасы»  атты  оқушылармен  тренинг өткізілді. Тренингтің  мақсаты: Айтыс жайлы түсініктерін кеңейту.Айтыс түрлерін ажырата білуге баулу. Айтысқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы  туралы оқушыларға  түсіндірді.  Тренингте өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгілерін, айтыстың сөздерінің  анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алатыны  туралы  түсінік  бере отырып,  домбырамен  мақамына  келтіре отырып  айтуды тәжірибе арқылы көрсетті.  Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылатынына ерекше  тоқталды.
Ұйымдастырушылар:  Сатаев Б,  Курымбаева Ж

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: