Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 9-11 сыныптар бойынша аудандық кезең жеңімпаздары
15
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 9-11 сыныптар
9-10-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология, химия, физика, информатика, география, құқық негіздері   пәндерінен болды, нәтижесінде 33 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі орын алды, бес оқушы қалалық кезеңге жолдама алды!
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың аудандық олимпиадасы
14
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптардың аудандық олимпиадасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы  пәндерінен болды, нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орын алып,3 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олипиадасы
13
қаңтар
2026
Республикалық жалпы білім беретін пәндер олипиадасы
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сыныптардың аудандық олимпиадасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, география, биология, физика, химия, информатика  пәндерінен болды, нәтижесінде 13 оқушы жүлделі орын алып,2 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 
"Өнерлі ұстаз"  қалалық байқауынан І орын
30
желтоқсан
2025
"Өнерлі ұстаз" қалалық байқауынан І орын
Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Өнерлі ұстаз " атты  байқауда  әріптесіміз 3-кезең бойынша өнер көрсетіп қалалық кезеңнен көркем еңбек пәні мұғалімі Акылбекова Шолпан І орын алды.  Құтты болсын!
"Адал ұстаз" қалалық байқауынан ІІ орын
29
желтоқсан
2025
"Адал ұстаз" қалалық байқауынан ІІ орын
Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Адал ұстаз" байқауының қалалық кезеңінде әріптесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нарыбекова Фариза Әбибиллақызы ІІ орынды иеленді. Жарайсыз! Керемет жетістік!
"Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық байқау жеңімпазы
23
желтоқсан
2025
"Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық
Қалалық жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы мен ZERDELI  мектебі бірлесе отырып жасаған мұғалімдерге арналған "Оқу және математикалық сауаттылық : табысты синергия" атты облыстық байқауының жұптық сайысында математика пәні мұғалімі Каипназаров Динмухамед ІІ орынды иеленді.  
Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының жеңімпазы
22
желтоқсан
2025
Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының жеңімпазы
 Мектеп- гимназиямыздың ағылшын тілі пәні мұғалімі Тлепина Луиза Адиловна  Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы 2025" конкурсының республикалық кезеңінің " Мәдениетаралық сауаттылық " бағыты бойынша 1 орынды иеленді! Жеңіс құтты болсын!
Аудандық  "Педагогикалық идеялар фестивальі" жеңімпазы
10
желтоқсан
2025
Аудандық "Педагогикалық идеялар фестивальі" жеңімпазы
Аудандық " Педагогикалық идеялар фестивальі" байқауында бастауыш сынып мұғалімі Жақанбай Кеукер қатысып І орын алып, қалалық кезеңде қатысқандығы жөнінде сертификатқа ие болды. 
" Өнерлі ұстаз" аудандық байқауының жеңімпазы
08
желтоқсан
2025
" Өнерлі ұстаз" аудандық байқауының жеңімпазы
"Өнерлі ұстаз " атты аудандық байқауда өнер көрсетіп көркем еңбек пәні мұғалімі Акылбекова Шолпан І орын алып қалалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік серігіңіз болсын!
"Жас келсе, іске" атты қалалық жас мамандар слеты
27
қараша
2025
"Жас келсе, іске" атты қалалық жас мамандар слеты
26.11.2025ж. күні қалалық  «Жас келсе, іске» атты  VI  жас педагогтердің слетына математика пәнінің мұғалімі Адилбеков Алмаз « Жаңашыл мектепке –жаңашыл ұстаз » атты байқаудың жеңімпазы ретінде қатысты және ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұржанқызы Балбыраш  «Өз жұлдызыңды жақ,  жас маман» атты байқаудың қатысушысы ретінде қатысып қайтты.