14 Наурыз – Көрісу күніне орай математика, информатика және физика
14 Наурыз – Көрісу күніне орай математика, информатика және физика пәндері бірлестігі мерекелік шеру ұйымдастырды. Іс-шара барысында ұстаздар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін айтып, ақжарма лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, көрісу салтының мән-маңызы насихатталды. Мерекелік шара ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, татулық пен бірлікті нығайта түсті. Баршаңызға амандық, береке, бірлік тілейміз! 🤝✨ #14Наурыз #КөрісуКүні #ҰлттықДәстүр #ҰлттықҚұндылықтар #МектепӨмірі #177мектеп