“Отбасы: әлеуметтік және этноәлеуметтік рөлдер” тақырыбында 10 «Г»
20.04 күні “Отбасы:әлеуметтік және этноәлеуметтік рөлдер” тақырыбында 10 «Г» сыныбында ерекше сынып сағаты өтті. Сынып сағатын оқушының анасы Дарханова Айсәуле жүргізіп, «мектеп – бала – ата-ана» үштік одағының маңыздылығын тереңінен түсіндірді. Кездесу барысында отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтар мен тәрбиенің өзара байланысы жан-жақты талқыланды. 🤝Мұндай кездесулер ата-ана, мектеп және оқушы арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен сенімді арттыруға үлкен үлес қосады.