Құзіреттілік бағыты аясында «Педагогикалық шеберлік бағыты» бойынша «Педагогтердің көшбасшылығы - оқыту сапасының нәтижесі» атты тақырыпта директорд » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құзіреттілік бағыты аясында «Педагогикалық шеберлік бағыты» бойынша «Педагогтердің көшбасшылығы - оқыту сапасының нәтижесі» атты тақырыпта директорд
26
сәуір
2024

Құзіреттілік бағыты аясында «Педагогикалық шеберлік бағыты» бойынша «Педагогтердің көшбасшылығы - оқыту сапасының нәтижесі» атты тақырыпта директорд

26.04.2024ж.  Құзіреттілік бағыты аясында  «Педагогикалық шеберлік бағыты» бойынша «Педагогтердің көшбасшылығы - оқыту сапасының  нәтижесі» атты тақырыпта директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына арналған Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығымен бірлесе отырып жоспарланған   қалалық  семинар болды.   Семинардың мақсаты: педагогтердің көшбасшылығымен ұйымдастырылып жатқан жұмыстар жүйесімен таныстыра отырып, ұжымдағы және сыныптағы көшбасшылықты ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісе отырып, инновациялы тәжірибені қолдану, педагогтердің шеберлігін шыңдау және оқу сапасын арттырудың жолымен бөлісу.  
Керемет көңіл күй, қазақтың ұлттық биі орындалып, қонақтарға тамаша көңіл сыйлаумен басталды. Семинарда алғы сөзді бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Сатаев Болат Турсыналиевич сөйлеп,  мектептің жұмыс жоспары, жүргізіліп жатқан жұмыстар ағынымен таныстырып, келген қонақтарға «Мектеп-білімнің алтын кені» атты мектептің ашылу тарихынан бастап , бүгінгі күнде жасалынып жатқан бірқатар тәжірибелері мен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.  Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі 
Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы
 «Табысқа жетудегі бірлескен жұмыс» тақырыбында бірлестік жетекшілерінің атқаратын жұмыстарымен таныстырып, жетістіктері мен жас мамандардың да жұмысы жайлы есеп берді . «Педагогтің кәсіби өрлеуі -шығармашыл ұжым  қызметінің нәтижесі» баяндамасын «Мектепке өзгеріс енгізу» тобының жетекшісі Каримова Меруерт Кадртаевна оқып, 2019-2020 жылғы оқу жылынан бергі атқарылып келе жатқан өзгеріс енгізу тобының жұмысымен таныстырды. 
 «Дарынды оқушы –көшбасшылық жұмысының  нәтижесі»  деп аталатын тақырыпта жаратылыстану бағыты бойынша  мектебіміздің ғылыми жобалардың жеңімпазы болған оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстары мен түрлі зертханалық жұмыстарын көрсетті. Одан кейін мектебіміздің креативті педагогтері  коучинг-сабақтарын көрсетті. Ыбырай кабинетінде  «Көшбасшылық – сапалы оқу үдерісінің кепілі» тарих пәнінің мұғалімдері  Ақылбеков Рамазан Дүйсенбайұлы,  Сейсенбек Бауыржан Бекболатұлы, Танакозова Үміт Аутжановна
Сыныптағы және ұжымдағы көшбасшылықты қалай ұйымдастыру керектігі жөнінде бірінеше жаңа платформалар мен тәсілдермен бөлісті.   Абай кабинетінде бастауыш сынып мұғалімдері Жұмабекова  Эльвира Тыныштықбайқызы
Кармысова Динара Камбарбековна және ағылшын тілі мұғалімі 
Тюсельбаев Кумар Болатович
 «Инновациялық тәжірибе –көшбасшылық негізі»  атты тақырыпта заманауи үлгідегі бірінеше платформалардың пайдалану жолын көрсетіп, көшбасшы болудың қадамдары жайлы келген қонақтармен бірге пікірталас өткізді.  «Басқару психологиясы арқылы сыныпта ынталандырушы ортаны құру »  математика пәнінің мұғалімі  Адилбеков Алмаз Муратбекович
 Физика пәнінің мұғалімі Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы
 Информаатика пәнінің мұғалімі Жанабаева Мадина Аскарбековна сыныптағы көшбасшылықты ұйымдастыру барысында әртүрлі кедергілерді жеңе отырып, оқушыға бағыт бағдар берудің жолдарын, жағдаяттан шығу қадамдарын әр түрлі тәсілде көрсете білді.  Коучинг сабақтан шыққан әріптестермен мәжіліс залында «Сізден бізге сындарлы ой» атты тақырыпта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы кері байланыс  жүргізді. Келген әріптестер өздерінің семинардан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, сындарлы ойларын айтып, мектеп басшысы мен ұжымына алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: