«Ана тілі аруы-2023» байқауы өтті » №177 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№177 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Есепші бөлімі:
+7(701) 434-86-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2023

«Ана тілі аруы-2023» байқауы өтті

22 қыркүйек күні "Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте "атты Тілдер онкүндігінде  Рухани жаңғыру аясында және М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай  «Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып бер...» атты «Ана тілі аруы-2023»  байқауы өтті. Байқау барысында туған ана тілімізге деген құрмет пен
М.Жұмабаевтың шығармалары насихатталды. Қазақ қызының бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, халқымыздың әдеп -ғұрып ,салт,- дәстүрге қатысты ұғымдарды білуге бағытталды. Қазақ қызының  бойындағы әдемілігі, өнерді сүюі, қолөнерге бейімділігі, сөйлеу мәдениеті, сахна мәдениеті осы байқауда сыналды.
Байқау нәтижесі бойынша  
Қадырбай Балнұр 9"ә" Бас жүлдеге ие болса, Күзембай Ақерке 10”Ә”  сынып оқушысы 1 -орын, 8 “Ж” сынып оқушысы Қалила Аиша 2 -орын,
8 “Б” сынып оқушысы Ахмет Нұрай, 8 “И” сынып оқушысы Даулет Анель , 10 “Б” сынып оқушысы Абжалова Балсулу 3- орынға ие болды және “Білімді ару“, Ақылды ару” ,  “Сымбатты ару” , “Кербез ару”,  “Өнерлі ару”атты т.б. номинациялар бойынша мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Ұйымдастырушылар: Қанатбекова Назерке мен Халихан Аружан

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: