30
қыркүйек
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі
2024- 2025 оқу жылының 16-27 қыркүйек аралығында қазақ тілі мен
әдебиеті пән бірлестігінің Тілдер мерекесі қарсаңында
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты онкүндік
Апталықтың мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтарды қамтамасыз ете отырып, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар бойына сіңірген жеке тұлға тәрбиелеу. Оқушыларды ұлттық құндылықтарнегізінде сын тұрғысынан ойлауға және танымдық шығармашылық қабілетін арттыруға бағыттай отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- Жаңа білімді , ақпараттық ресурстарға сүйене отырып, зияткерлік қажеттіліктерін меңгерту;
- Оқушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
- Пәнге деген қызығушылдығын арттыру;
- Оқушылардың бойына жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
- Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру;
- Қазіргі өмір талабына бейім таным деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру
- ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу